Хабар телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев ШҚО әкімі Даниал Ахметовті қабылдады

Даниал Ахметовтің айтуынша, ШҚО-да инвестиция көлемі артқан.Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі де байқалады.

Облыс әкімі Президентке АӘК берудің жаңа форматын іске асыру жайында мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев облыста тұратын әрбір аз қамтылған отбасының жағдайына мұқият талдау жасап, оларға көмек көрсету жөнінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Көпбалалы отбасыларға қатысты да осындай тапсырма берілді. Сонымен қатар Даниал Ахметов Мемлекет басшысына осы жылдың ІІ жартыжылдығында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталатынын хабарлады. Президент бұл нысанның әлеуметтік тұрғыда аса маңызды екенін атап өтіп, көпір құрылысы аймақ халқының едәуір бөлігін жол тауқыметінен арылтатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Даниал Ахметовке Абайдың 175 жылдығын өткізуге, соның ішінде Жидебайдағы мұражай мен қонақүй кешенінің құрылысына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.