Қазақстанның азаматтық альянсына өңірлерде кеңсе керек
Бұл туралы ұйымның жылдық қорытындысын жасау кезінде айтылды. Мәселе әзірге ғимаратты жалдау арқылы ғана реттелуде. Ал оның құны кей өңірде 100-130 мың теңгеге дейін барады. Ай сайын мұндай төлем жасауға барлық өңірде мүмкіндік жоқ. Азаматтық альянс құрамында 500-ге жуық үкіметтік емес ұйым бар. Олардың барлығы дерлік мемлекеттік байқаулар мен гранттар аясында әлеуметтік жобаларды іске асырады. Сондықтан кеңсе мәселесі әкімдіктер арқылы шешілсе екен деген өтініштерін білдірді. Сонда олардың қызмет тиімділігі қазіргіден де арта түспек.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:
- Бірнеше ұсыныс талқыланып жатыр. Соның ішіндегі мәселе – Азаматтық альянстың әлеуетін заң шығару қызметінде көбірек пайдалану. Біз құқықтық мемлекет құрып жатырмыз. Барлық үрдіс заңмен реттелуі керек. Заңдарымыз сапалы болуы керек. Бір заңды қабылдап, 2-3 айдан кейін өзгеріс енгізетін практикадан кетуіміз керек.