Түркістан облысы халқының 98% медициналық сақтандырылған
Нақты айтсақ, 1 млн 300 мың адам осындай жеңілдікке ие. Олардың дені – балалар, студенттер және зейнеткерлер сияқты 15 әлеуметтік санатқа жататын азаматтар. Олардың тиісті төлемін мемлекет өз мойына алып отыр. Облыста міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны мен олардан түсетін қаржы анықталып, есептелген. Бүгінде өңір тұрғындарының 68% шартты түрде сақтандарылған. Қалған 31%, яғни шамамен 605 мыңдай адам ай сайынғы жарнасын өздері аударып отырады. Ал 2968 адамның мәртебесі анықталмаған. Айта кетейік, 1 қаңтарlан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС пакетінің жаңа жүйесі толықтай күшіне енді. Жарналар әртүрлі болғанымен, әрбір сақтандырылған азамат өзіне тиесілі медициналық көмектің көлемін алады. Сондай-ақ әрбір адамға, оның сақтандырылған мәртебесіне қарамастан, тегін медициналық қызметтердің кепілдік берілген көлемі шегінде жедел және алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділігі сақталады.
Сандуғаш Рүстемова, университет клиникасының бас дәрігері:
- Оған 15 санатты азаматтар тізімі кіреді. Ішінде сақтандырылған азаматтар да бар. Сақтандырылмаған азаматтарға қатысты бүкіл ұжым болып жұмыс жүргізіп жатырмыз. Сәуірдің 1-іне дейін сақтандырудың қаншалықты қажеттілігін түсіндіріп айтып, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеміз.