Билік басына жаңа кадрлар тағайындалды
Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа басшы келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен аталған орынға Қалмұханбет Қасымов тағайындалды. Мамыр айында 63 жасқа толатын ол соңғы бір жылдан бері Президенттің көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып қызмет еткен. Оған дейін 8 жылдай еліміздің Ішкі істер саласын басқарды.
Сондай-ақ Президент жарлығымен Әсет Исекешев Президенттің көмекшісі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.
Ал Мемлекеттік күзет қызметін небәрі 7 айдай басқарған Әнуар Садықұлов басқа жұмысқа ауыстырылды. Ол енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары және Арнаулы мақсаттағы қызметтің директоры лауазымын атқарады.