Полицейлердің қызметтік көлігіне бейнетіркегіштер орнатылды
Әзірге бұл құрылғы 14 көлікке қойылған. Төрт камераның біреуі көшені, ал қалғаны жол сақшыларының жұмысын түсіреді. «Барлық бейнежазба бірден орталыққа түседі», – дейді тәртіп сақшылары. Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша жол ережесі 500 рет бұзылған. 20 жүргізуші мас күйінде ұсталған.
Дархан Наурызбаев, облыстық ПД басқармасы басшысының орынбасары:
- Бұл камералар құқық бұзушылықтарды анықтау және полиция қызметкерлерінің заңдылықты сақтауы үшін қолданылады. Яғни, жүргізуші өзінің ереже бұзғандығын патрульдік полиция қызметкерлерінің автокөлігіне орнатылған стационарлы монитор арқылы көре алады.