Шымкент қаласының бірінші басшысы ауысты
Бұл ақпарат та Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Оның орнына Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін қала әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын.
Шымшаһардың жаңа басшысын қала активіне ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов таныстырды. Мұрат Әйтенов 1981 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 2004 жылы С.М.Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – инженер, заңгер. Ол әр жылдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасында еңбек еткен.