Президенттік кадрлық резервке енген Әлібек Ыдырысұлы жаңа қызметіне кірісті
Бірнеше кезеңнен тұратын сынақтан сүрінбей өтіп, кадрлық резервке енген Әлібек Ыдырысұлы жақында ғана Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі биомедицина ғылыми зерттеу орталығының директоры қызметіне кірісті. Еліміздегі биомедицина саласын дамыту – өзекті мәселе. Осыған байланысты оқу орнында биомедицина мамандығы ашылған. Қазір мұнда 100-ге жуық студент білім алуда. Олар биомедицина ғылыми-зерттеу орталығында гормондық тексерулер, иммунологиялық тесттер жасап, табиғи өнімдерден алынған препараттардың улылығын, иммундық әсерін сынап көру арқылы қандай ауруға тиімділігі бар екенін анықтаумен айналысады.
Әлібек Ыдырысұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биомедицина ғылыми зерттеу орталығының директоры:
- Орталықтың қазіргі кезде жол картасын, жоспарларды жасап жатырмыз. Университет қабырғасында зертханалар бар. Орталық болашақта хромедицина, биомассаж , фитотерапия, медициналық биофизика сынды салалармен айналысады. Сұранысқа ие мамандық ретінде бұл болашақта еліміздің биомедицина саласының дамуына үлкен бір күш алып келеді деп ойлаймыз.