Режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмі таныстырылды
Елордада танымал режиссер Ермек Тұрсыновтың «Шырақшы» фильмі таныстырылды. Кино сюжеті соғыстан оралған сарбаздың кейінгі өмір жолын баяндайды. Ол қан майданда немістің шалын құтқарып қалады. Қария оған ескі фильмдер таспаланған киноқұрылғыны сыйға тартады. Кейін майдангердің өмірлік мұраты жаңа арнаға бұрылады. Режиссер Ермек Тұрсыновтың айтуынша, кинокартина қарапайым адамның қилы тағдырын суреттейді. Ол соғысты бастан кешеді және жақындарынан айырылады. Соған қарамастан, алдағы күннен үміт күтеді. Туындыда басты рөлді 70 жастағы кәсіби актер Мұратжан Мұқажанов сомдапты.
Мұратжан Мұқажанов, актер:
- Өрт сөндіретін көліктерді алып келді. Сонымен жаңбыр жасады. Сондай қызықтарды бастан кештім.