Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша жаңа заң күшіне енеді
Бұл жаңа реформада әр үйдің өз бірлестігі мен жеке есепшоттары болады. «Бұрынғыдай пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы компаниялар тарифті негізсіз көтере алмайды», – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі. Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, тұрғындар жөндеу жүргізу үшін өздеріне жарғы әзірлеп, бекітуге болады. Ол үшін республикалық бюджеттен биыл 30 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ қажет болса, тозған жеделсатылар жаңартылмақ.
Қайырбек Өскенбаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
- Бұрын жиналатын ақша бір шотқа баратын еді. Қазір әр үйдің өз шоты болуы керек. Осы шоттың ашықтығын әр үйдің иесі өзі көруі керек. Біз қазір жеделсатылардың жағдайын тексеріп жатырмыз. 4124 жеделсатыны ауыстыру керек. Осы мәселе бойынша жол картасын жасап, жергілікті әкімшіліктерге индикатор ретінде қоямыз.