Хабар телеарнасы

1 ақпаннан валюта айырбастаудың ережесі өзгереді

Бірақ кассир мекенжайыңызды сұрамайды. 2018 жылдан бері 500 мың теңгеден астам қаржыға валюта алсаңыз, мекенжайыңызды көрсету міндеттелген. «Бұл өзгерістер – қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы амалдар», – дейді мамандар. Бұған қоса ақша айырбастау пунктерінің жарғылық капиталы артады. Қор мол болса, валюта тапшылығы болмайды. 1 ақпаннан айырбас пунктері таңғы 09:00-ден кешкі 20:00-ге дейін істейді. Ал ірі сауда орталығындағылар түнгі 22:00-ге дейін, әуежай, теміржол вокзалы, шекара бекеттеріндегілер тәулік бойы ашық болады.

Ләззат Үсенбекова, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры:

- Валютаны айырбастаған кезде оның құны айырбастау пунктерінде Қазақстан қор биржасының курсына байланысты негізделеді. Ал Қазақстан қор биржасының саудасы күндізгі уақытта жүргізіледі. Соңғы сауда сағат 17:00-де бітеді.