Жолда қалған 322 азамат құтқарылды
Бірақ аяз күшейді. Қазір күре жолдың біраз бөлігі ашылып, қатынас қалыпқа келді. Төтенше жағдай қызметі өткен түні 322 адамды қар құрсауынан құтқарған. Олардың көпшілігі жылыту бекеттеріне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Ал жолда тұрған жүк көліктерінің жүргізушілеріне ас-ауқат пен жанар-жағармай жеткізілді.
Алайда «Басы қатты болса, соңы тәтті болады» деген сөз әрдайым үміт отын сөндірмейді. Қиындықтың да қызығы болады. Мысалы, Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, соңғы екі күнде 500-ге жуық адам дәрігердің көмегіне жүгініпті. Ең қызығы, Ақтоғай ауылынан Балқаш қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігі діттеген жеріне жете алмай, айы-күні жақындап отырған келіншек көлік ішінде босаныпты. Фельдшер Баян Ысқақова Нарманбет ауылының тұсында баланың кіндігін кесіп, анаға барынша көмек көрсетіпті. Ал нәрестеге «Боранбай» деп ат қойылыпты.
Мейрамгүл Алпысбаева, перзентхана дәрігері:
- Акушер дәрігер Ысқақова Баянның біліктілігінің арқасында әйел аман-есен босанды. Сәби Балқаш қаласындағы перзентханаға аман-есен жеткізілді. Қазір баланың да, ананың да жағдайы жақсы, бала анасының жанында.