ШҚО сүт өндірушілері шығынға батты
Өйткені ақтүтек боран салдарынан жолдардың жабылып қалғанына бірнеше күн болды. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, сүт, май, ірімшікке толы көліктер Нұр-Сұлтан, Қарағанды,Теміртау, Жезқазған, Алматы қалаларына жете алмай отыр. Кейбір көліктердің жолда қалғанына 4 күн болған. Бірнешеуі кері қайтқан. Өзге қалаларды былай қойғанда, облыс ішіндегі 17 елді мекенге тауар жеткізу мүмкін емес. «Осыған орай кәсіпорындағы өндіріс қарқыны да бәсеңдеп, шикізат жетпей жатыр», – дейді өндірушілер.
Сергей Коротков, сүт өндіруші компанияның маркетолог маманы:
- Жолда қалғандардың айтуынша, жағдай күн сайын ушығып барады. Автожолдарды қар басып алған. Қатты бұрқасын соғып тұр. Көлік жүргізушілерімен үнемі байланысып отырмыз. Әзірге боранның басылар түрі көрінбейді. Дәл қазіргі уақытта Өскемен қаласынан 4 көлік Семейге, Шемонайха мен Алтайға, Ақжар, Зайсанға шыға алмай отыр.