Әл-Фараби мұралары түпнұсқадан аударылуда
1975 жылы ғалымның 1100 жылдығына орай сүбелі еңбектері аударылып басталды. Одан бері 50 жылға жуық уақыт өтті. Сол уақыт аралығында ғылыми қазынамыз қордаланды. «Дегенмен ойшылдың еңсерілмеген еңбектері әлі де көп», – дейді ғалымдар.
Айнұр Құрманалиева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кафедра меңгерушісі:
- Түпнұсқадан еңбектерін қайта қарастырып аударудың өзектілігін айта кеткім келеді. Көп еңбек бізге екінші аударма ретінде келді десек болады. Араб тілінен орыс тіліне аударылып, одан кейін ғана қазақ тіліне аударылды. Фарабитанушылар мектебінің жақсы қалыптасу нәтижесінде, соңғы кезде тікелей түпнұсқадан аудармалар жасалып жатыр.