Nur Otan партиясының көмегіне 213 мың адам жүгінген
Жүргізілген сауалнама нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Бүгін бұл жайында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты. Ол сондай-ақ Елбасына халықпен кері байланыс орнату, саяси актив құрамының сапасын жақсарту және саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық барысы туралы баяндады. Бауыржан Байбек былтыр 213 мың адам партия көмегіне жүгінгенін айтады. Қазір нұротандықтар ауыл-аймақтарды аралап, халықтың жай-күйімен танысып жүр. Елбасы өз кезегінде аймақтардың инфрақұрылымдық мәселелеріне баса мән беру керектігін айта келе, ішкі жолдарды қалпына келтіруді қадап тапсырды.
Бауыржан Байбек, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
- Саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындықты бастап кеттік. Былтыр партияға 213 мыңнан аса азамат жүгінді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 34% жоғары. Әлеуметтік сауалнама деректері бойынша әрбір 4-інші қазақстандық құқықтары бұзылған жағдайда партияға өтініш жолдайды. Қазір біздің жақтастарымыздың саны өсуде. Нық сенімді дегендерінің үлесі жарты жылда 2 млн-ға жетті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Биыл Атырау мен Астраханьға жол саламыз. Ақтөбеден Атырауға дейін жол келеді.