Түркияның шығыс бөлігіндегі қар көшкінінен 38 адам қайтыс болды
Меншікті тілшіміз Меруерт Қанағаттың айтуынша, Ванның Бақшасарай ауданында болған бірінші қар көшкінінде 5 кісі қаза тапқан. Тағы 8 адам жарақат алып, екеуі қар астында қалып қойған. Оқиға орнына дер кезінде жеткен жергілікті құтқару топтары мен өзге де азаматтар оларды құтқаруға кіріскен шақта көшкін қайта жүріп, енді 100-ге жуық кісі ақұлпаға көміліп, 33-і қайтыс болды. Құтқарушылардың өзі көмекке зәру болып, тың күш оларды құтқаруға кірісті. Алайда төтенше жағдай мамандары өз жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. «Себебі аймақта тағы да қар көшкіні болуы мүмкін» деген дабыл қағылды.
Сулейман Сойлу, Ішкі істер министрі:
- Қатарынан екі рет қар көшкіні жүріп, бірнеше азаматымыздан айырылып қалдық. 11 жандармия, бір әскер, 7 қауіпсіздік сақшысы, 1 инженер, 3 өрт сөндіруші, 2 мемлекеттік жолдарға жауапты қызметкер мен тағы 2 кісі қаза тапты. «Екі адам қар астында қалды» деп болжап отырмыз. 63 азамтты құтқардық.