Маңғыстау облысында 7 адамды сарышаян шағып алды
Зардап шеккендер 26-65 жас аралығындағы әйелдер. Бірінің аяғы ауыр. Оларға алғашқы медициналық көмек берілген соң, үйінде қалдырылды. Айта кетейік, бір күнде бірнеше адамды сарышаян шағуы осы өңірде алғаш рет тіркеліп отыр.
Нұрбол Оқуов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Сарышаян шаққан кезде, ол адам өміріне қауіпті емес. Дегенмен де оларға алғашқы көмек көрсетілді. Мұндай жағдайда адамдар бірден үйді улауға кіріседі. Оған асықпау керек, себебі жерде химиялық зат болған соң, көрші адамдарға, әсіресе балаларға зияны тиіп кетуі мүмкін.