Коронавирус Қазақстан нарығына кері әсерін тигізуі мүмкін
Сондықтан бұл мәселені де бақылаудан бір сәт шығаруға болмайды. Елбасы жауапты орындарға бірқатар тапсырма берді. Ал еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов еліміздегі дәл қазіргі ахуалды айтып өтті.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Елге кіріп жатқан адамдардың бәрін тексеріп жатырмыз. Олардың арасында ЖРВИ симптомы бар 142 адамды емдеуген жатқыздық. 113-і шықты. Әрбір науқасты толық тексеріп, коронавирус инфекциясын таппадық. Жалпы көбісі ЖРВИ диагнозбен емделіп жатыр. 28 мың адамды 14 күннің ішінде бақылауға алып жатырмыз. Қазір оның 15 мыңы мониторингтен босатылды. Бірде-бірінде коронавирус табылмады.