Мемлекеттік жәрдемақы 15 балаға дейін сараланатын болады
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында айтылды. Биыл бұл мақсаттарға бюджетте 177,6 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта 8-інші және одан кейінгі балаға арналған жәрдемақыны шамамен әр балаға 4 АЕК-тен саралау қарастырылуда. Мысалы 8 балаға берілетін жәрдемақы мөлшері 85 мың, 10 балаға 106 мың, 15 балаға 159 мың теңгені құрамақ. Айта кетейік, елімізде 15 баласы бар бір отбасы бар.
Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Қазіргі уақытта байқап отырсаңыздар, 7 баладан әрі қарай біркелкі мөлшерде беріледі. Сондықтан осы мәселені біз қарастырып 8-інші және одан кейінгі балаға да жәрдемақыны сараланған түрде мәселесін қарастырып жатырмыз. АӘК тоқсан сайын тағайындалу тәртібі қайтарылып, еңбекке қабілетті жанұя мүшелерінің ұсынылған жұмысқа тартылу шарттары күшейтілді.