«Ақтөбе қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы жетекшісі Жанаргүл Дүйсекенова 90 млн теңгеге жуық пара алды» деп айыпталған болатын. 10 айға созылған іс мәресіне жетті. Тәртіп сақшылары шенеунікпен қатар ХҚКО-ның маманы Гүлайым Нұрмұханованы да қамауға алған еді. Полицейлердің айтуынша, екеуі мемлекеттік бағдарлама арқылы «баспаналы болуға көмектесеміз» деп 50-ге жуық азаматты сан соқтырып кеткен. Алайда тергеу барысында Дүйсекенованың бұл іске қатысы бар екендігі дәлелденбеген. Сондықтан ол босатылды. Ал кінәсін толығымен мойнындаған айыпталушы Нұрмұханова 6 жылға бас бостандығынан айырылып, жәбірленушілердің шығынын өтеуге міндеттелді.
Жанаргүл Дүйсекенова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Қалалық сотқа істі дұрыс қарағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Ал жұмысқа қайтып барамын ба, жоқ па оны уақыт көрсетеді. Бірінші кезекте мен өз денсаулығыммен, анамның денсаулығымен айналысамын.