Ертең ауруханадан біржола шығады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ақ халатты абзал жандарға қазақстандықтардың атынан алғыс айтты.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Екі емделуші коронавирустан айықты. Қазір олар соңғы тексеру сараптамаларын тапсыруда. Бұйыртса, ауруханадан ертең шығады. Ең алдымен бұл – дәрігерлердің жанкешті еңбегінің жемісі. Сондықтан Үкіметтің және барша қазақстандықтың атынан медицина қызметкерлері мен Денсаулық сақтау министрлігінң қызметкерлеріне алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.