Қазақстанның ең ірі мегаполисінде COVID-19 вирусын жұқтыру жағдайлары төмендеп келеді

Алматының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасимова қалада коронавирусты жұқтырғандар санының азайып келе жатқаны байқалатынын мәлімдеді.
Коронавирус инфекциясының ең агрессивті түрі 7 науқаста белгіленген. Дәл осы азаматтардан әлеуетті жұқтырулардың көп саны тараған.
Ауырып қалғандардың көбісі Мәскеу ‒ Алматы рейсімен келгендер 33%, вирусты жұқтырғандардың 25% Стамбұлдан, 16% Берлиннен, 15% Санкт-Петербургтен, 15% Минскіден келген.
Алматыда бүгінде 10 мыңнан астам адам ағзаларында коронавирус инфекциясының бар-жоғына тексерілді, 91 адамда вирустың бар екені анықталды. Алматыда одан әрі зерттеулер жүргізу үшін тестілер, реагенттер және барлық қажетті препарат саны жеткілікті.