СҚО-да 80 мыңнан астам адам 42500 теңгелік жәрдемақы алды

Ол – осы жылы колледж бітіріп, қолына диплом алған жас маман. Жас жігіт әлеуметтік көмекті өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде алып отыр. «Төлемді рәсімдеу қиын емес», – дейді. Барлық мәліметті жинап, өтініш беру үшін оның бір апта уақыты кеткен.
Анарбек Уәзіров, қала тұрғыны:
– Оның алдында БЖТ төледім. Содан кейін Telegram арқылы өтінім беріп, күттік. Телефонға хабарлама келді. 42500 теңгені алдым.