Биыл елімізде 150 мың тұрғын үй салынады

Бұл үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатыр. Жалпы ауданы 160 мың шаршы метрден асады. Құрылысқа 500-ге жуық адам тартылған. Олар екі ауысымда еңбек етуде. Асқар Мамин құрылыс сапасына жіті мән беруді және тұрғын үйлерді уақытылы қолданысқа беруді тапсырды. Жалпы биыл елордада шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделген. Ал республика бойынша 150 мыңнан астам баспана тұрғызу жоспарланған.