ҚР Президенті: Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды

«Алдағы мамыр айындағы мерекелерді де үйде атап өтуге тура келеді. Бірақ Жеңіс күнінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірде-біреуі елеусіз қалмайды. Бәріне лайықты құрмет көрсетіледі», – деді Қ.Тоқаев. Әкімдер соғыс және тыл ардагерлеріне материалдық көмек беретінін айтып өтті.
Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай режимі ұзартылды.