Карантин жағдайларында өңірлерде шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының арасындағы әуе рейстерін қалпына келтіру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шараларына қатысты Премьер-Министрдің орынбасары Е.Тоғжанов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов баяндады.
Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында Мемлекеттік комиссияның бірқатар шешімдерді қабылдағанын атап өтті:
Бұдан өзге ІІ кезең аясында Нұр-Сұлтан қаласында төмендегілердің жұмысы қайта жанданады:
Алматыда мына салалардағы компаниялар жұмысын қайта бастайды:
«Әкімдерге қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайлар мен балалардың ауладағы ойын алаңдарын сапалы түрде санитарлық өңдеуге, жалпы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, оған бақылау орнатуға ерекше көңіл бөлуді тапсырамын», — деді А. Мамин.
Сонымен қатар отырысқа қатысушылар қазақстандықтарды шет елдерден елге жеткізу, ХҚКО-лар жұмысының жаңа форматын енгізу және т.б. мәселелерді қарастырды.