«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында запасқа шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев