Алексей Цой: Пациенттерге үйде медициналық көмек көрсетуді барынша қауіпсіз деп санаймыз

Амбулаториялық-емханалық көмек дистанциялық жұмыс форматына ауыстырылады, учаскелер деңгейінде шамамен үш мың мобильді бригада құру жоспарлануда.
Олар медициналық қызметкерлердің пациенттерге үйге баруын, COVID-19-ға тест алуды қамтамасыз етеді. Науқастарға кеңес беріп, ем тағайындайды. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдейді, сондай-ақ пациенттің жағдайына қашықтан мониторинг жүргізеді.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.