Дене қызуын түсіретін дәрілер дәріханаларға келді

«Бүгіннен бастап дене қызуын түсіретін парацетамол таблеткалары келді. Ол қазірдің өзінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы, Қарағанды облысындағы дәріханаларда қолжетімді. Аптаның соңына дейін барлық өңірге жеткізіледі», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова ОКҚ брифингінде.
Парацетамол болмаған жағдайда дене қызуын түсіру үшін оның орнына ибупрофен қолдануға болатынын айтып өтті. Сонымен қатар бұл дәрілерді күніне 3-4 реттен артық қолданбау керек.