Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды

Коронавирустың тағы бір белгісі анықталды
  • 1210
  • 07.07.2020, 12:01

Бұл туралы Бразилия университеті ғалымдарының International Journal of Infectious Diseases журналында жарияланған зерттеуінде айтылған. Сарапшылар CОVІD-19 дәм сезудің жоғалуын, кандидоз, ауыз қуысындағы жаралар және тіл мен шырышты қабатта басқа да қабыну процестерін тудырады деген қорытындыға келді. Мұндай белгілер инфекциядан әлсіреген ағза денсаулығының нашарлауын көрсетеді.

Мамандар CОVІD-19-ды емдеу үшін қажетті диагностика тізіміне стоматологиялық тексеруді енгізуді ұсынды.