Қазақстанға дәрі-дәрмек әкелу жеңілдеді

Баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деді. Оның айтуынша, шетелден келетін дәрі-дәрмек заттары жеңілдетілген тәртіппен бөлшектік компанияларға түсе бастады. «Көп ұзамай препараттар дәріханаларға жетеді», – деді сала басшысы.
Бұдан бөлек министр аймақтарда дәрі-дәрмек бағасын қадағалаудың күшейтілгенін айтты. Яғни әр облыста әкімдік жанынан бағаны қадағалау топтары құрылды. «Бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестер де қатысып жатыр», – деді Денсаулық сақтау министрі.