Отандық кәсіпорындар бір тәулікте 748 мың дана бетперде шығарды

Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 549 мың дана, тігін 199 мың дана өндірді. Қоймаларда 3 798 дана бетперде бар. Тиісті ақпарат «СҚ-Фармация» ЖШС беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі.
ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық бетперделердің ірі өндірушілерінің бірі «Dolce-Pharm» фармацевтикалық компаниясы болып табылады. Өткен тәулікте кәсіпорын 210 000 дана бетперде шығарды.