«Біз коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелерді қараймыз. Сонымен қатар биылғы бірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді. Ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендеді. Пандемияға байланысты қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырады (5,6%). Халықты және бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қабылдадық. Менің тапсырмам бойынша экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар қабылданды. Үкімет пен әкімдердің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде қабылдаған шараларын талқылаймыз», – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Мемлекет басшысы жиынның жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуді ұсынды:
«Сосын бірқатар облыстың басшыларына сөз беремін. Қажет болса, басқаларға да сөз беріледі. Қысқа әрі нұсқа, негізгі мәселелерге тоқталыңыздар», – деді Қ.Тоқаев.