13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күні

Бұл күні мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, телеарналардағы ойын-сауықтық бағдарламалар көрсетілмейді. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады.
Түскі сағат 13:00-де республикалық және облыстық мешіттер мен медреселерде Құран Хатым дұғасы жасалады. Діни іс-шараға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Instagram желісіндегі ресми парақшасы мен YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға болады. Коронавирус құрбандарын еске алуға арналған мұндай шара сағат 10:00-де шіркеулерде де өтеді. Тәуелсіздік алғалы Қазақстанда аза тұту күні осымен 9-шы рет жарияланып отыр.