«Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін», – деп жазды Тоқаев twitter-дегі парақшасында.
Мемлекет басшысы үкімет пен әкімдер осы қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдап жатқанын және қиын-қыстау кезеңде талмай-тынбай еңбек етіп дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдірді.