Елордада Алаш тасжолы 2 тамызға дейін жартылай жабылады

Алаш тасжолында Бөгенбай батыр даңғылындағы жол өткелінен Жолымбет көшесіне дейін құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады. Осыған орай17 шілде мен 2 тамыз аралығында жол қозғалысын жартылай жабу жоспарланған.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді басқармада.