COVID-19 анықталған науқастарды емдеуге қосымша 5 дәрі-дәрмек қолданылады

Яғни учаскелік дәрігерлер диагнозы анықталған науқастарға бекітілген дәрі-дәрмек беріп, емдейтін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрімен өткен брифингте мәлім болды. Алексей Цойдың хабарлауынша, емдеудің 10-хаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Осыған сәйкес қазіргі таңда арнайы комиссия коронавирустан емдеуге қолданылатын тағы 5 препараттың тізімін әзірлеп жатыр. Оған парацетамол, ибупруфен сынды дене қызуын төмендететін препараттар мен қосымша антибиотиктер енгізілуі мүмкін. Айта кетерлігі, бұл дәрілер коронавирус анықталған науқастарға дәрігердің нұсқауымен тегін берілетін болады.