Қазақстанда коронавирусты емдеудің 12-протоколы әзірленіп жатыр

Ведомство басшысының айтуынша, жаңа хаттамада жергілікті дәрігердің бақылауымен үйде емделуге арналған дәрі-дәрмек ескерілетін болады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін дәрігерлер 11-хаттама бойынша жұмыс істеген еді. Сол протоколда вирусқа қарсы терапия қайта қаралды. Өзгерістер әлемдік тәжірибеге негізделіп жасалған екен.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
– Біз емдеудің тәсілін өзгерттік. Өзге елдердің тәжірибесін алып, сол бағыт бойынша жалғастырып жатырмыз. Қазір барлық дәрі-дәрмек пен сынамаларды алып жатырмыз.