Түркістан облысында оттегі концентраторлары тәркіленді

Ottegi kontsentratory
  • 1390
  • 03.08.2020, 09:37

«1 тамызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атамекен» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінде шекара қызметімен бірлесіп, Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына бағыт алған «Volvo» және «MAN» маркалы 2 жүк көлігін кедендік бақылаудан өткізу барысында жүк тасымалдау құжаттарында көрсетілмеген «Respiro», «DEDAKJ», Medical oxygen concentrator «AERTI», «Armed» 7F-3L», «Oxygen concеntrator»  және «Plusmed-KN01» маркаларындағы 7 дана оттегі концентраторын анықтады. Бұл жабдықтар пневмония және коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеуде қолданылады», – делінген хабарламада. Аталған дерек бойынша АЕК тіркеліп, ҚПК 181-бабы, 2 б. сәйкес (қылмыстық құқықбұзушылық туралы арыз, хабар) әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастыру үшін Түркістан облысы бойынша МКД жіберілді.