ДДСҰ Қазақстанға 200 оттегі концентраторын жіберді

ДДСҰ Қазақстанға 200 оттегі концентраторын жіберді
  • 1346
  • 07.08.2020, 14:20

Тамыздың 6 жұлдызында арнаулы борт Алматыға 200 оттегі концентраторын жеткізді. Жүк «СҚ-Фармацияға» жөнелтіледі, ал әрі қарай еліміздің медициналық ұйымдарына таратылатын болады.

«ДДСҰ Қазақстанға пандемиямен күресу ісін қолдау мақсатында медициналық жеткізілімдерді жүзеге асыруды және техникалық сараптамаға қолдау көрсетуді жалғастырады», – деді Қазақстандағы ДДСҰ ресми өкілі, доктор Кэролайн Кларинваль.