Енді финалға жолдама алған әр қатысушы өз еліндегі студияда ән шырқайды. Одақ мүшелері сахнаны біркелкі әрлеуге келісті. Биылғы байқауда 13 елдің өнерпазы бақ сынайды. Олардың қатарында Армения, Беларусь, Франция, Грузия, Мальта, Нидерланд, Ресей, Сербия, Испания, Украина, Польша, Германия және Қазақстанның жас өрендері бар. Әзірше біздің елдің намысын кім қорғайтыны белгісіз. Айта кетейік, халықаралық конкурстың финалы 29 қарашада өтеді.