Тарихи отанымен табысқан қандастарымыздың қатары жыл сайын артып келеді

  • 2190
  • 26.10.2020, 20:26

Олардың басым бөлігі көрші Қытайдан, 27% іргедегі Өзбекстаннан келген. Сондай-ақ Түрікменстан, Моңғолия және өзге де елдерден оралғандары да бар.

Қоныс аударушылардың жартысынан көбі – еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Олар негізінен Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысына қоныстанды. Жалпы тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бері Қазақстанға 1 млн 68 мыңдай қандасымыз оралыпты.