Дәл қазір су құбыры желісі жеткізіліп жатыр. Бұл аумақтан 1141 жер телімі қарастырылған. Қазір облыста жер кезегінде 104 мың адам тұр. Кезегін сарыла күтіп жүргендердің 70 пайызы – Орал қаласынан. Ауылдан шаһарға жаппай қоныс аударуды тоқтату шаралары аясында аудандарда да жер телімдері дайындалды. Алдағы жылы Қаратөбе мен Теректі аудандарын қоса алғанда 700-ге жуық адам жылжымайтын мүлікке ие болады.
Мұрат Өмірәлиев, БҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы:
– «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қаратөбе ауданы бойынша 144 жер телімі, Теректі ауданы бойынша 528 жер телімі бойынша жұмыстар атқарылуда. Яғни атқарылған жұмыстар бұл – инженерлік желілерді тарту. Барлық инфрақұрылым тартылғаннан кейін жер телімдері азаматтарға кезек тәртібімен берілетін болады.