Қызылордада індет қайта өршіді
Тек соңғы тәулікте 125 азамат індетке шалдыққан. Ал жыл басынан бері аймақта 325 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған.
Айта кетейік, бүгінге дейін өңір тұрғындарының 86% немесе 400 мыңнан астам қызылордалық екпе алған. Ал pfizer препаратын 7 мыңдай жасөспірім мен 2 мың жүкті әйел салдырды.
Айман Жанахаева, облыстық санитарлық-бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
- Мамандардың болжамы бойынша, омикрон штамының жұқпалылығы бірнеше есе жоғары. Сондықтан да коронавирус инфекциясының қауіптілігін төменденту мақсатында оларға тұрғылықты мекенжайындағы екпе кабинеттеріне барып вакцина алуға, сондай-ақ ревакцинацияға кеңес береміз.