Соңғы тәулікте мегаполисте 210 адамнан коронавирус анықталған. Қазір инфекциялық стационарларда жалпы саны 475 адам ем алып жатыр. Қала «қызыл» аймаққа өткендіктен, енді карантин талаптары күшейтіледі. Шектеу шаралары алдағы 5 күн ішінде еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында жарияланады. Жаңа жылдан бері шаһарда 1 мың 408 адам қауіпті ауруға шалдыққан. Оның 7-інен омикрон штамы анықталды.