Алматыда 7 адам әлі табылмай жатыр

  • 1703
  • 14.01.2022, 17:52

4 қаңтардан бері қалада 22 адам іздеуде болған. Жергілікті полиция департаменті 15 тұрғынның табылғанын хабарлады. Қазір оқиға бойынша жедел-іздеу шаралары жалғасып жатыр. Айта кетейік, қақтығыс кезінде қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандардың нақты саны әзірге белгісіз.