Эпидахуал: ел бойынша «жасыл аймақта» ешбір өңір қалған жоқ

«Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары.
«Сары аймақта»: Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары.
Айта кетейік, «қызыл аймаққа» Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстары кірді. Бұл өңірлер кеше «сары аймақта» тұрған болатын. Сондай-ақ кеше «жасыл аймақта» тұрған Солтүстік Қазақстан облысы бүгін «сары аймаққа» өтті.