Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Орал қ.: 21 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 21 қаңтарда күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 22 қаңтарда екпіні 25 м/с күтіледі.
23 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі.
Тараз қ.: 21-23 қаңтарда тұман, 23 қаңтарда көктайғақ күтіледі. Күндіз 22 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.