Басқосуда ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының басшылары жердің құнарсыздануы, құдық тапшылығы, субсидияның төмен деңгейі, дизельдің бағасы сынды мәселелерді көтерді.
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы:-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайдаланылмай жатқан және жеке меншікке заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырмасы бар. Қарағанды облысында 1 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтетін болады.