2 мектеп пен колледж оқушылары үшін қауіпсіздік шаралары мүлдем қарастырылмаған. Не бағдаршам, не шлагбаум жоқ. Тұрғындар сонда да тәуекел етіп осы арадан өтуге мәжбүр. Себебі жер асты өткеліне жету үшін 4 шақырымды айналуы тиіс. Оның өзі тек көлік үшін салынған. Әсілі, аспалы көпір салу әкімдіктің жылдағы жоспарында бар. Алайда нақты қашан салынары белгісіз.Алмасбек Бөбеев, қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы:-Бөлінетін қаржыға байланысты. Бірінші кезекте техникалық- экономикалық түсіндірмесін алуымыз қажет. Одан кейін барып жобалау жұмыстарына барып кірісуге болады. Мен қазір нақты осындай кезде, нақты мынау жылы деп айта алмаймын.