Бұл мәселені Ереванда өтіп жатқан Еуразиялық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысқан еліміздің Премьер-министрі Әлихан Смайылов көтерді. Тараптар мұнай өнімдерінің және ортақ газ нарығын қалыптастыру, бірлескен өндіріс жобаларын қаржыландыру, электрондық сауда мәселелерін де талқылады.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:-2020 жылы тауарлар өндірісіне қойылатын жалпы талаптардың бірыңғай ережелері қабылданған. Бірақ 2 жылға жетер-жетпес уақыт ішінде олар 10 рет өзгертіліп, толықтырылған. Жаңа өзгерістер енгізудің шегін белігілеп алғынымыз дұрыс болар.